ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы шеңбер тәрізді болып келеді және көгілдір фонда шанырақ бейнеленген,
оны күн сәулесі қоршап тұр. Шанырақтың оң және сол жағында аңызға айналған қанатты тұлпарлар бейнеленген.
Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» жазуы бар.
Жұлдыз, шанырақ, қанатты тұлпарлар, сондай-ақ «Қазақстан» жазуы алтын түспен бейнеленген.