«Табысты болашақ» айдары: кездесу білім ордамыздың түлегімен
Біздің оқу орнымызда «Табысты болашақ» атты айдар аясында түлектермен
кездесулер дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осындай игі шаралардың бірі ретінде
біз ЖШС FSPC құрылыс компаниясының директоры, біздің мақтанышымыз
– Казбек Асылбек Валерийұлымен кездесу ұйымдастырдық.
Казбек Асылбек Валерийұлы – өз саласында үлкен жетістіктерге жеткен кәсіпкер,
табысты басшы және жас мамандарға үлгі болатын тұлға. Ол өзінің кәсіби тәжірибесімен
бөлісіп, құрылыс саласының қазіргі
тенденциялары мен болашақтағы даму бағыттары туралы қызықты мәліметтермен таныстырды.