📅 Ағымдағы жылдың 27 маусымында «Skills Camp» кәсіптік лагерінің екі аптаға созылған бағдарламасы өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты өтті.
🔹 Лагерь барысында мектеп оқушылары түрлі мамандықтар бойынша тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдыларын дамытты.
🔹 Сонымен қатар, шеберлігімен, белсенділігімен және шығармашылығымен ерекшеленген барлық қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
🔹 Шара соңында оқушыларға балмұздақтар таратылып, лагердің соңғы күні жылы көңіл-күймен аяқталды.
«Skills Camp» – оқушылардың кәсіби бағдарын айқындайтын, тәжірибе мен шабытқа толы алаң болды.