Лого АСТК AQTK
Описание изображения 2

№39 қазақ орта мектебінде оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында кәсіптік бағдар көрмесі өтті.

Описание изображения 2

⚜️7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Еліміздің тыныштығы мен амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға алғысымыз шексіз!

Описание изображения 2

Құрметті колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар және әлеуметтік серіктестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!🕊️ Бұл айтулы мереке – барша қазақстандықтар үшін татулық пен тұрақтылықтың, келісім мен өзара құрметтің нышаны. Қазақстан Республикасы – көпұлтты, көпмәдениетті мемлекет. Әр ұлттың дәстүрі мен тілі, өмір салты мен дүниетанымы – біздің ортақ байлығымыз. Ел ішіндегі бейбіт өмір мен ұлттар арасындағы сыйластық – тәуелсіздігіміздің берік негізі. Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі – сан түрлі көзқарас пен мәдениеттер тоғысқан, өзара түсіністікке негізделген ұжым. Біздің басты мақсатымыз – жас ұрпақты елін сүйетін, бірлік пен татулықты бағалай білетін, болашағына сеніммен қадам басатын азамат етіп тәрбиелеу. Осы жарқын мереке баршаңызға рухани күш, серпін мен шабыт әкелсін! Әр күніңіз бейбіт әрі берекелі болсын! Бірлігіміз нығайып, еліміз гүлдене берсін! Құрметпен, Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің директоры Г.У.Есенгалиева

Описание изображения 2

Құрметті ата-аналар! Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – әрқайсымыздың басты міндетіміз. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өз балаңызды түрлі қауіп-қатерлерден қорғауға көмектесе аласыз.
🌙 1. Түнгі уақытта балалардың жүріс-тұрысын бақылау - Балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде жүруіне рұқсат етілмейді. Орын алған жағдайда Заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады Бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. - Балаңыздың қайда және кіммен жүргенін үнемі қадағалап отырыңыз.
🔥 2. Өрт қауіпсіздігі - Балаларды сіріңке, оттық, электр құралдарын өз бетінше пайдалануға үйретпеңіз. - Үйде өрт сөндіргіш құралдардың барына және олардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. - Газ, электр пештерін қолдану ережелерін балаға түсіндіріңіз. - Отпен ойын – қайғылы оқиғаға апарады!
🌊 3. Судағы қауіпсіздік - Балаларға өзен, көл, тоған сияқты ашық су қоймаларында ата-анасыз шомылуға тыйым салынады. - Суға түсуге арналған рұқсат етілген, қауіпсіз жерлерді ғана таңдаңыз. - Қайық, үрлемелі шеңбер, матрас сияқты құралдарды тек ересектердің қадағалауымен пайдалану керек. - Балаңызға суда өзін қалай ұстау керектігін алдын ала үйретіңіз.
🚶‍♂️🚗 4. Жол қозғалысы қауіпсіздігі - Балалардың жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуын үйретіңіз. - Балаларға жолдан тек жаяу жүргінші өткелімен және бағдаршамға қарап өту керектігін түсіндіріңіз. - Қараңғы уақытта жарқырауық элементтері бар киім немесе рюкзак кигізу ұсынылады. - Велосипед, самокат айдағанда қорғаныс шлемі мен құралдарын пайдалану маңызды.
5. Баланың ақпараттық қауіпсіздігі Балаңыздың интернетте немен айналысатынын біліп отырыңыз; Жеке ақпаратты жарияламауды үйретіңіз; Онлайн достар — шынайы достар емес екенін түсіндіріңіз; Кибербуллинг (онлайн қорлау) туралы әңгімелесіңіз

Описание изображения 2

7-мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай «Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы» тақырыбында колледж ер азаматтарына арналған мерекелік шара өткізілді.

Описание изображения 2

✈️ *Аспанмен сырласқан ерлік рухы* ✈️
Бүгін1 курс студенттері Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтына тағылымды саяхат жасады.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің есімімен аталатын оқу орны — нағыз әскери рух пен ұлт намысын қорғайтын мамандар даярлайтын қасиетті орда екеніне көзіміз жетті. Студенттер әскери институттің тарихымен танысып, авиациялық техникамен, симулятор кабинеттерімен және оқу процесімен, батырдың өмір жолына арналған арнайы бұрышта ерлікке толы деректермен танысты.Бұл сапар жастарымыздың отаншылдық сезімін күшейтіп, биік армандарға жетелейтін шынайы мотивация көзіне айналды

Описание изображения 2

Сегодня на телеканале Рика ТВ прошла запись интервью, посвященного реализации проектов в рамках Года рабочих профессий! 🎓✨
В программе у Асель Арыстангалиевой @asel_arystangaliyeva выступили: 🔹 Айнур Баймуратова, начальник отдела развития человеческого капитала РПП 🔹 Марина Курманова, заместитель директора по методической работе строительно-технического колледжа
Мы обсудили важные аспекты действия меморандума между Палатой предпринимателей, колледжем и социальными партнерами. 🤝💼
Не пропустите полный выпуск программы "Из первых рук", который выйдет в эфир в пятницу, 2 мая, в 13:30 на Рика ТВ! 📺

Описание изображения 2

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! “Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 28-30 сәуір күндері аралығында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында “DalaSKILLS - 2025” өңіраралық шеберлік чемпионатына “Кірпіш қалау”құзыреттілігі бойынша Ақтөбе құрылыс техникалық - құрылыс колледжінің білім алушысы Тілектес Жігер қатысып,ЖҮЛДЕЛІ 3-ОРЫН иегері атанды!Жеңімпазымызды және жетекшісі Жолдасбай Махамбетұлын жеңістерімен құттықтаймыз!

Описание изображения 2

ЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ - БОЛАШАҚҚА БІРГЕ!
2025 жылғы сәуір айының соңында Атырау қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жұмысшы жастар бас қосқан ауқымды форум өтті.
Үш күнге созылған форум жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін күшейту және тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Қатысушылар Атырау қаласының тарихи-мәдени нысандарын аралап, өңірмен танысты. Форумның салтанатты ашылуында • Атырау облысының әкімі - Серік Шәпкенов, • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары - Біржан Әлімжанов құттықтау сөз сөйледі. Сенат депутаты - Геннадий Шиповских, мәжіліс депутаты - Дәулет Мұқаев, «Талап» АҚ президенті - Санжар Тәтібеков, Enbek.kz өкілі - Айгерім Мырзалы, «Теңізшевройл» мен NCOC компанияларының басшылары бірқатар өзекті тақырыптарға тоқтала өтті.
TEDx форматындағы шабыттандырушы кездесулер өтті. Елге еңбегімен танылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, практикалық тренингтер өтіп, Сарайшық мұражайына саяхат және Жұмысшы жастар аллеясының ашылуы өтті.
Жастар форумына 200 жуық жас қатысып, түрлі бағыттағы жобаларын ұсынды. Форум аясында ұйымдастырылған «Ең үздік жоба» байқауында 6 жоба үздік деп танылды.
Ақтөбелік жас Роберт Мифтахетдинов өзінің «Мастера своего будущего» жобасымен көзге түсіп, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, 500 000 тг сертификатпен марапатталды.

Описание изображения 2

В рамках акции ”Чистый город“ отделение общеобразовательных дисциплин провели субботник на территории колледжа.

Описание изображения 2

Мифы о сварке
Не верь мифам и проверяй достоверность информации!

Описание изображения 2

B рамках Года рабочих профессий в Актобе состоялось подписание трехсторонних меморандумов о социальном партнерстве между Палатой предпринимателей Актюбинской области, строительно-техническим колледжем и рядом ведущих предприятий региона. Данный шаг направлен на решение актуальных проблем на рынке труда и повышение качества подготовки специалистов.

Описание изображения 2

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Қадам - Life» жобасы аясында көрме өтті. 🏫Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі ағымдағы жылдың 16 сәуірінде №69 жалпы білім беретін орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар колледж тарихымен, мамандықтарымен танысып, оқу орнының мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды. 🗣️Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына техникалық және жұмысшы мамандықтары туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, колледжде білім алудың артықшылықтарын көрсету. 🚀Кәсіптік білім – болашаққа нық қадам!

Описание изображения 2

2025 жылдың 16 сәуір күні оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, колледждер туралы жан-жақты ақпарат ұсыну арқылы болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында "Таңдауың – тағдырың: Мамандыққа бір қадам" 👨‍🍳👩‍🏫👨‍🚒👨‍✈️атты ашық есік күні аясында оқушылар колледж өкілдерімен кездесу өткізілді. ✨️Кездесу барысында @aktobe.servis.kolledzh @bersiev_college @aktobeahgk @aqtk_aqtobe @aazhk.aktobe оқу орындарының мамандары өз колледждерінің бағыттары, білім беру бағдарламалары және болашақ мамандықтар туралы ақпарат беріп, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Описание изображения 2

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Қадам - Life» жобасы аясында көрме өтті. 🏫Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар колледж тарихымен, мамандықтарымен танысып, оқу орнының мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды. 🗣️Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына техникалық және жұмысшы мамандықтары туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, колледжде білім алудың артықшылықтарын көрсету. 🚀Кәсіптік білім – болашаққа нық қадам!

Описание изображения 2

Ақтөбе облысының білім басқармасы құқықбұзушылыққа бейім «Тәуекел тобы» мен «Бейресми лидерлер» есебіне алынған жасөспірімдермен жұмыс жоспары негізінде «Өмірлік таңдау» тақырыбында Бисенбин Мереке Усербаевичпен мотвациялық кездесу өткізілді.

Описание изображения 2

🕊️Жеңістің 80 жылдығына орай «80 алғыс сөзі» челленджі
🏛️Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «80 алғыс сөзі» челленджін қолдай отырып, ардагерлерге алғыс пен тағзым сөздерін арнайды.
🌟Сіздердің ерліктеріңіз – біздің бейбіт өміріміздің негізі. Жеңісті жақындату үшін жанын пида еткен батырларымыздың ерлігі – мәңгілік құрмет пен тағзымға лайық.
Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа өнеге! Мәңгілік алғыс – жүректен жүрекке!

Описание изображения 2

Описание изображения 2

Кәсіптік тәжірибе – болашақ маманға нақты қадам 🏛️ Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі ағымдағы жылдың 11 сәуір күні «Интерстиль» ЖШС мекемесінде 301 ТМ тобының білім алушыларының кәсіптік тәжірибеден өту барысы тексерді. ✅ Тәжірибе кезінде студенттердің кәсіби дағдыларды меңгеру деңгейі бағаланып, жұмыс орнындағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында нұсқаулықтар берілді. Топ жетекшісі: Әбдулямитов Ғ. 🎯 Мұндай тәжірибелік сабақтар білім алушылардың нақты еңбек процесімен танысып, өз мамандығына деген сенімділігін арттырады.

Описание изображения 2

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Қадам - Life» жобасы аясында көрме өтті 🏫Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі ағымдағы жылдың 15 сәуірінде №25 жалпы білім беретін орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар колледж тарихымен, мамандықтарымен танысып, оқу орнының мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды. 🗣️Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына техникалық және жұмысшы мамандықтары туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, колледжде білім алудың артықшылықтарын көрсету. 🚀Кәсіптік білім – болашаққа нық қадам!

Описание изображения 2

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Қадам - Life» жобасы аясында көрме өтті. 🏫Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі ағымдағы жылдың 15 сәуірінде №30 жалпы білім беретін орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар колледж тарихымен, мамандықтарымен танысып, оқу орнының мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды. 🗣️Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына техникалық және жұмысшы мамандықтары туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, колледжде білім алудың артықшылықтарын көрсету. 🚀Кәсіптік білім – болашаққа нық қадам!

Описание изображения 2

«Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді «Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05.-2025ж.- 01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжанова-Баймагамбетова Гульмира Бахитжановнаға келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8(775)7468351

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

«Газбен дәнекерлеу және құрылыс жұмыстары» бөлім оқытушыларының және 205 ТС топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Жанашырлық алаңы» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. 📌Қайырымдылықтың өткізілу мақсаты — көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету арқылы қоғамда жанашырлық пен мейірімділікті нығайту, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, науқас жандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті материалдық әрі рухани демеу болу, сонымен қатар адамдар арасындағы өзара түсіністік пен қолдауды арттырып, қоғамда игілік пен бірлікті қалыптастыру.

Описание изображения 2

«Интернет алаяқтық. Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында Ақтөбе қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің прокурорларымен кездесу

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

Интервью

Описание изображения 2

«Ауыл аманаты» жобасының нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді. Құс етімен қамтамасыз ету 5,6 пайызға, көкөніспен қамтамасыз ету 5,4 пайызға, картоппен қамтамасыз ету 4 пайызға артты. Сонымен қатар, облыс халқының орташа табысы 11 пайызға жоғарылады. Жоба аясында 1 621 жаңа кәсіп тіркеліп, 1 463 тұрақты жұмысы жоқ адам несие алды. Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау мақсатында 41 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы жобамен қамтылды. Сонымен қатар жоба аясында тауарлық несиелеу тетігі енгізілді. Оның негізгі мақсаты – кепілге қоятын мүлкі жоқ, несиелік міндеттемелері көп, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау. Бүгінде өңірде 209 шаруашылықтың көмегімен 339 отбасыға 4 804 бас мал берілді. Оның ішінде 1 120 бас сиыр, 720 төл, 3 484 бас қой, 3 484 төл, 194 бас жылқы, 92 төл және 6 бас түйе бар. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы жоба аясында «тауарлық несие» беру мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұл бастама ауыл тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысып, өз кәсібін дамытуына мүмкіндік береді.

Описание изображения 2

2023-2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 15,0 млрд теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. 2025 жылы бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 4,0 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қайтарым қаражаты есебінен (револьверлік несиелеу) 1,2 млрд теңге бөлініп, жалпы алғанда 16,3 млрд теңгеге 2 863 жоба қаржыландырылды. Бұл өз кезегінде 2 995 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жобалардың негізгі бағыттары: 🔹 Мал шаруашылығы – 5,4 млрд теңге (872 жоба) 🔹 Өсімдік шаруашылығы – 1,3 млрд теңге (252 жоба) 🔹 Құс шаруашылығы – 2,4 млрд теңге (598 жоба) 🔹 Шағын бизнес – 6,3 млрд теңге (1141 жоба) Бұл бастама ауыл кәсіпкерлерін қолдап, өңірлік экономиканың дамуына серпін беруде.

Описание изображения 2

Кредиты под 2,5%: как программа «Ауыл аманаты» помогает сельчанам повышать достаток Сельское хозяйство является одной из приоритетных отраслей в экономике страны. В сельской местности проживает 38% жителей Казахстана, это почти 7,6 млн. человек. Повышение доходов и создание новых рабочих мест являются приоритетными задачами государственной политики. В этой связи программа «Ауыл аманаты», запущенная в 2023 году по поручению Президента открывает возможности для многих людей начать, развивать свой бизнес, внести вклад в развитие своего региона. «Ауыл аманаты» – это уникальный проект, который входит в национальный проект «Сильные регионы – драйвер развития страны». Программа «Ауыл аманаты» направлена на поддержку жителей сельской местности и малых городов через предоставление льготных кредитов для развития предпринимательства, особенно в сферах животноводства и сельского хозяйства. Кредиты предоставляются под 2,5% годовых на срок до 5 лет, а для проектов в сфере животноводства — до 7 лет. Максимальная сумма займа составляет до 2,5 тыс. МРП, а для развития сельскохозяйственных кооперативов — до 8 тыс. МРП. В 2025 году на выдачу новых микрокредитов и создание 8,1 тыс. рабочих мест предусмотрено 50 млрд тенге. Планируется внедрение информационной системы микрокредитования, которая обеспечит прозрачность процедур, унификацию обработки заявок и детализированный мониторинг данных. Система будет интегрирована с государственными базами данных, что повысит эффективность работы программы и ускорит процесс подачи заявок и получения кредитов.

Описание изображения 2

2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба. «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды. 2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді.

Описание изображения 2

Апта дәйексөзі

Описание изображения 2

⚜️Ұлттық киім – қазақ қызының табиғи сұлулығын айшықтайтын асыл мұра. ✨

Описание изображения 2

Облыстық білім басқармасы Оқу-ағарту министрлігінің жоспары негізінде Наурыз мерекесіне арналған«Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі

Описание изображения 2

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Наурыз - құт-береке бастауы!» бауырсақ-party колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді.

Описание изображения 2

«Наурызнаманың» онкүндік тұжырымдамасы аясында 20-наурыз «Ұлттық ойын» күніне орай дене шынықтыру пәнінің оқытушылары турнир ұйымдастырды.

Описание изображения 2

«Наурызнаманың» онкүндік тұжырымдамасы аясында 18-наурыз «Ұлттық киім» күніне орай «Тәрбие» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «ЭтноFashion» дефилесі

Описание изображения 2

Салт-дәстүр мен қазақ қызы: Ұлттың сәні мен рухани байлығы

Описание изображения 2

Босаға майлау — жастар жеке отбасы құрғанда немесе жаңа үйге кіргенде жақын- жуықтары келіп, үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріледі. Көктемде бірінші шайқаған майды отбасындағылар ауыз тимей тұрып, есік жақтауын, табалдырықты, киіз уйдің ассу сақаталатын жақ босағасындағы киізді майлау ырымы да бар. Дәстүрлi неке салтында атқарылатын ғұрып. Жастар жеке отау құрғанда немесе үйдi жаңалап ауыстырған кезде жақын-жуықтары құтты болсын айта келіп, жолы үлкен егде тартқан игі жақсының бірі жаңа үйдің босағасына «отау көтерген немесе жаңа салған үйге береке мен құт майдай жұғымды болсын, көптің үйі болсын» деген тiлекпен май жағады. Босаға майлаған адамға тиесiлi кәдесi берiледi.

Описание изображения 2

Ерулік — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді.

Описание изображения 2

Байғазы – қазақтың дәстүрлерінің бірі, жаңа немесе құнды зат иесіне берілетін сыйлық. Бұл дәстүр жақсылыққа қуану, жомарттық пен берекені тілеу мақсатында жасалады. Байғазы беру арқылы үлкендер жастарды ынталандырып, олардың қуанышын бөліскен.

Описание изображения 2

Наурызнаманың онкүндік тұжырымдамасы аясында «Тазару» күніне орай колледж әкімшілігі тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Описание изображения 2

Ақтөбе облысында балабақша кезегінде тұрғандар қатары 30%-ға азайды. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылатынын тағы да атап өтті. Бұл әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі бойынша мемлекеттің нақты шараларынан көрініс тауып отыр. Соңғы алты жылда елімізде 1 367 балабақша ашылып, кезекте тұрғандардың саны 5 есеге қысқарды. Ақтөбе облысында соңғы 6 жылда 15 379 орындық 175 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды. Жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы сапалы мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті. Сондай-ақ, балабақша кезегінде тұрған 0-6 жас аралығындағы балалардың қатары 30%-ға азайды. Сонымен қатар 2019 жылдан бері облыста 40 мектеп салынып, 17 мыңға жуық оқушы орны ашылды. Ауылдық жерлердегі 282 мектеп жаңғыртылды. Бұл 4 апатты жағдайдағы және 18 үш ауысымдық мектептің мәселесін, сондай-ақ 15 мектептегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді. Жылдың аяғына дейін тағы 20 мектепті іске қосу жоспарлануда.

Описание изображения 2

Елімізде соңғы алты жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 есеге өсті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін алдағы бес жылда екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруды міндеттеген болатын. Аталмыш тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шаралар кешенін іске асыруда. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға кейінгі 6 жылда 2,5 триллион теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 есеге дейін артқан. Ал азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есе ұлғайды Былтыр дән егіп терлеген диқандар рекордтық өнім алды. Саланы дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Соның арқасында экономиканың осы бағыты жақсы көрсеткіштерге ие болып отыр. Ақтөбе облысында да саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Соңғы 6 жылда бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 31,4% - ға өсті. Еңбек өнімділігі 29,4% – ға артты. Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленді, жоспарға сәйкес 2025-2027 жылдары жалпы көлемі 63,1 млрд. теңге болатын 50 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Описание изображения 2

ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ – ҰЛТ МҰРАСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ⚜️18 наурыз күні Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық киім күні кең көлемде атап өтілді. Бұл ерекше мереке халқымыздың ұлттық мұрасын жаңғыртып, дәстүрлі киім мәдениетінің құндылығын дәріптеуге бағытталды. 🎭Мерекеге орай, Т.Ахтанов атындағы драма театрында көрермен назарына «Ғұмырнама» атты театрландырылған музыкалық қойылым ұсынылды. Қойылымды Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі және көпсалалы «Тарлан» колледжінің білім алушылары сахналады. Қоюшы режиссерлер – Мейірбек Шәкенов пен Сержан Баймұратов. ⚜️«Ғұмырнама» қойылымы қазақ халқының әр кезеңдегі ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін би, музыка және көркем бейнелер арқылы көрсетіп, көрермендерді халқымыздың тарихи дәуірлеріне саяхат жасатты. Бұл қойылым қазақ халқының өмір салты мен мәдениетінің терең мәнін ашып, ұлттық мұраны ұлықтауға арналды. ⚜️Мерекенің басты мақсаты – ұлттық киімнің тек өткеннің жәдігері емес, ұлттың рухани құндылығы екенін көрсету, қазақы киім үлгілерінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін насихаттау және оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу болды. Көрермендер қойылымнан ерекше әсер алып, ұлттық мәдениетіміздің байлығына тағы бір рет көз жеткізді. Іс-шараға келген қала тұрғындары мен қонақтары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай рухани маңызы зор шаралардың жалғасын табуына тілек білдірді.

Описание изображения 2

Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының арқасында, бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді Мемлекет басшысы ұлтымыздың жаңа келбетін қалыптастыруда отбасы институты шешуші рөл атқаратынына үнемі назар аударып келеді. Осы орайда, “Аңсаған сәби” бағдарламасы елдегі көптеген отбасылар үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Елімізде бұл бағдарлама енгізілген 2021 жылдан бері бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Ақтөбе облысында “Аңсаған сәби” арқылы (2021-2024 ж.ж.) 1264 отбасы квота алды. Бағдарламаның нәтижелілігі жоғары болып, 41% жағдайда жүктілік сәтті басталды. Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 362 ана дүниеге сәби әкелді, олардың ішінде 24 егіз және 1 үшем өмірге келген. Жалпы, 387 бала дүниеге келді. Бұл тек статистика ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында жылдар бойы бала сүйе алмаған жанұялардың үміті мен бақыты жатыр. Бүгінде “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында 69 жұп болашақ сәбиін күтіп жүр. Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына Ақтөбе облысына 170 квота бөлініп, оның 70-ін кезекте тұрған отбасылар иеленді.

Описание изображения 2

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір әлемде болып жатқан оқиғалар біздің бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетті» Президенттің Ұлттық Құрылтайдың ІV отырысында сөйлеген сөзінен.

Описание изображения 2

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік басқармасымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2025–2027 жылдарға арналған инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді жоспар әзірледі. Бұл жоспар экономиканың басым секторларына тікелей инвестицияларды ұлғайтуға, бизнес-ортаны жақсартуға және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Описание изображения 7

Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанатына орай «Кәсіби ашық алаңда құрылыс аймағы» орналасқан. Бұл аймақта өңіріміздің құрылыс мамандарын дайындайтын колледждер және әлеуметтік серіктестер өздерінің маман даярлау барысында пайдаланатын құрал-жабдықтары мен материалдарынан көрме ұйымдастырып, мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Описание изображения 7

Жұмысшы мамандықтар жылы

Описание изображения 7

Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанатына орай «Кәсіби ашық алаңда құрылыс аймағы» орналасқан. Бұл аймақта өңіріміздің құрылыс мамандарын дайындайтын колледждер және әлеуметтік серіктестер өздерінің маман даярлау барысында пайдаланатын құрал-жабдықтары мен материалдарынан көрме ұйымдастырып, мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Описание изображения 7

🔹Кәсіби ашық алаңға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы іс-шараға арнайы келіп, оның өту барысымен танысты. 💡 Ашық алаң – жаңа идеялар мен тәжірибе алмасудың таптырмас мүмкіндігі!

Описание изображения 7

«Жалпы білім беретін пәндер»бөлімінің онкүндігінің жабылуы✨

Описание изображения 7

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында №26 орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар колледж тарихымен, мамандықтарымен танысып, оқу орнының мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды. 💡Сонымен қатар, колледж психологы арнайы тренинг өткізіп, мамандық таңдау бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті. 🚀Кәсіптік білім – болашаққа нық қадам!

Описание изображения 7

Біртұтас тәрбие негізінде колледжімізде «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізілді.

Описание изображения 7

Жалпы білім беретін пәндер бөлімінің 101 ТС группасы білім алушылары 1 наурыз - Алғыс айту күнімен колледж оқытушыларын құттықтады.

Описание изображения 7

Колледж қыз балаларына «Ерте жүктіліктің алдын алу» мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ерте жүктіліктің ағзаға зияны, кері әсері туралы ақпараттандырылды. Жасөспірімдер кері байланыс ретінде өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Описание изображения 7

«Газбен дәнкерлеу және құрылыс жұмыстары» бөлімінің «Құрылыс пен дәнекерлеу-шеберліктің шыңы» атты онкүндігінің ашылуы✨

Описание изображения 7

Колледжіміздің 1-2 курс білім алушылары арасында волейбол лигасы ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.

Описание изображения 7

Бүгін Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол келесі бағыттарды қамтиды: 1. Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер арасында академиялық алмасуды ұйымдастыру (оқыту, тағылымдама, кәсіби тәжірибе, кадрларды даярлау/қайта даярлау, біліктілікті арттыру). 2. Оқытушылардың және студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу. 3. Бірлескен конференциялар, семинарлар, көрмелер және басқа іс-шараларды ұйымдастыру. 4. Оқу сабақтарын өткізу және тәжірибе алмасу үшін тараптардың өкілдерін шақыру. 5. Білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, силлабустарды үйлестіру. 6. Оқу әдебиеті мен кітапхана қорын уақытша пайдалану және айырбастау. 7. Колледж түлектерін университетке түсу үшін кәсіптік бағдарлау және даярлау. 8. Колледж түлектерінің оқу мерзімін 2 жылға қысқарту мақсатында білім беру бағдарламаларын үйлестіру («Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Құрылыс» мамандықтары). 9. Колледж түлектерін университетке 1-курсқа қабылдап, оқу мерзімін 2 жылға дейін қысқарту.

Описание изображения 7

Открытый урок по русской литературе в группе 102 РПО. Тема : В.Л.Кондратьев . Повесть "Сашка". Преподаватель - Ахаева Е.А

Описание изображения 7

«Жалпы білім беретін пәндер» бөлімінің «Жастар және жұмысшы мамандықтары: болашаққа көзқарас» атты онкүндік аясында 07.02.2025 жылы қазақ тілі пәні оқытушысы Ә.Қ.Ұлықпанова студенттер арасында М.Мақатаевтың 94 жылдығына орай «Әр өлеңі - бір әлем» атты Мұқағали оқуларынан сайыс өткізді.

Описание изображения 7

Тақырыбы: Меншіктің мәні мен мазмұны түрлері, нысандары, обьектілері мен субъектілері Мақсаты: Меншік ұғымының мәні мен мазмұнын түсіндіру, қоғам үшін маңыздылығын ашып көрсету Мұғалім: Муканова Г. Д.

Описание изображения 7

“📢 «Жалпы білім беретін пәндер» бөлімінің «Жастар және жұмысшы мамандықтары: болашаққа көзқарас» атты онкүндігі аясында «Жас сарбаз» әскери-спорттық сайысы ұйымдастырылды.
🔹 Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің шыдамдылығы мен ептілігін сынап, командалық рух пен батылдықтарын көрсетті.
🔹 Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар ұмытылмас әсер алды.
🔥 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Описание изображения 7

“Жалпы білім беретін пәндер” бөлімінің “Жастар және жұмысшы мамандықтары: болашаққа көзқарас” атты онкүндік аясында ағымдағы жылдың 17 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы И.Т.Кожина “Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)” мамандығының 102 РПО тобында “Ұлы Даланың жеті қыры.

Описание изображения 7

Цели урока:
1. Определять химические элементы и понимать их значение.
2. Опознавать основные группы периодической таблицы.
3. Объяснять свойства и применение некоторых распространенных элементов.

Описание изображения 7

Тақырып: “Электромагниттік толқындарды сәулелендіру және қабылдау; аналогтық-цифрлық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары” Сабақтың мақсаты:
1. Электромагниттік толқындардың таралу принципін түсіндіру.
2. Аналогтық және цифрлық сигналдардың ерекшеліктерін талдау.
3. Байланыс арналарының түрлерін зерттеу және олардың артықшылықтарын анықтау.
Мұғалім: Карасаева А.А

Описание изображения 7

Ашық сабақ Курс: 101РПО Тақырыбы:Жарасқан Әбдрашев "Дала,сенің ұлыңмын"поэмасы. Мақсаты: 1.Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас шығармалармен салыстыру.

Описание изображения 8

Оспанова Ж.С. провела открытый урок в 102 РПО на тему “The Animal World” в рамках декады ООД. 📕 Использованы Canva-презентация, Mentimeter QR-коды и ИИ-видео.

Описание изображения 7

“ЖББП” бөлімінің онкүндігі аясында 06.02.2025 ж. математика оқытушысы Абдуллина Б.Д. 101РПО тобында “Бас жиынтық және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Описание изображения 1

Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі мен «Өрлеу» Ақтөбе филиалы ұйымдастырған «Болашаққа бағдар- білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі» атты облыстық семинар өтті.

Описание изображения 2

🏫Ағымдағы жылдың 10 ақпанында №40 жалпы білім беретін орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесі ұйымдастырылды.

Описание изображения 2

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды

Описание изображения 1

«Жалпы білім беретін пәндер» бөлімінің «Жастар және жұмысшы мамандықтары: болашаққа көзқарас» атты онкүндік аясында колледж білім алушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.

Описание изображения 2

Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні «Ақтөбе облысы ПД ювеналдық полиция тобы» және «Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен құқықбұзушылық....

Описание изображения 2

2025 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ақтөбе қаласы аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен колледжіміздің 3-4 курс студенттерімен кездесу өткізілді.