Медициналық пункт білім беру ұйымында өткізілетін барлық медициналық іс-шараларға белсенді қатысады және толық жауапкершілік көтереді. Оқуға түсушілерден 063 (алдын алу екпелері картасы) және 086/у медициналық анықтамасын талап етеді.
Алдын алу екпелерінің жоспарын жасайды;
Жастар арасында салауатты өмір салтының негіздерін насихаттайды, темекі шегудің, алкогольді ішімдіктерді, есірткі және басқа да психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу шараларын жүзеге асырады, олардың физикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. АИТВ/ЖИТС, тері-венерологиялық және басқа да жұқпалы-паразитарлық аурулардың алдын алу шараларын жүргізеді.
Студенттер мен колледж қызметкерлері арасында жыл сайын жоспарлы медициналық тексерулер, флюорографиялық тексерулер және профилактикалық егулер жүргізіледі.
Медициналық пункттің мақсатты жұмысы студенттердің денсаулығын сақтауға бағытталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.